Қазақстан Орталық Азияда алғашқы болып білім беру саласында OpenAI компаниясының «ChatGPT Edu» арнайы шешімін ауқымды түрде енгізуді қолға алды. Еліміздегі университеттер, оқытушылар мен зерттеушілерге 165 мың лицензия берілді.
Бұл бастама Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігінің OpenAI компаниясымен арадағы меморандумы аясында жүзеге асырылуда.
Сапалы білім – жасанды интеллект арқылы
Аталған жоба аясында осы аптада OpenAI делегациясы Қазақстанға арнайы сапармен келді. 2-5 маусым аралығында Астана мен Алматы қалаларында өткен кездесулер, сарапшылық сессиялар мен воркшоптар жасанды интеллектіні (ЖИ) оқу процесіне тиімді интеграциялауға бағытталды.
Alem.ai алаңында жасанды интеллектінің жаһандық экономикаға әсері және «AI-агенттер...