Елдегі полиция бөлімшелерінде пайдалану мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен мыңдаған қызметтік көлік әлі қолданыста жүр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі Kursiv.media сауалына берген жауабында мәлімдеді.
7 жылдан асқан 9 мыңнан аса қызметтік көлік бар
Ведомствоның мәліметінше, ішкі істер органдарының балансында пайдалану мерзімі 7 жылдан асқан 9345 автокөлік бар. Соған қарамастан министрлік бұл көліктер техникалық тұрғыдан пайдалануға жарамды екенін атап өтті.
«Бұл жағдай барлық өңірде орын алған. Жаңа автокөліктерді бөлер кезде жағдайы күрделі аудандарға басымдық беріледі. Сондай-ақ өңірдің географиялық және жол ерекшеліктері ескерілуге тиіс», – деп мәлімдеді.
ІІМ түсіндіруінше, полиция бөлімдерінің қызметтік көліктері облыстық бюджет есебінен...