Елдегі зейнеткерлер WhatsApp мессенджері арқылы жаппай хабарлама ала бастады. Онда «енді олар 30 АЕК (117 мың теңге) мөлшерінде санаторлық-курорттық емделуге құқылы» деген хабарлама жазылған. Яғни, жолдама ақысын өздері төлеп, барлық чек пен құжатты сақтап қойса, мемлекет бұл ақшаны міндетті түрде қайтарады делінген. Бұл туралы Kursiv.Media «Мой город» порталына сілтеме жасап хабарлайды.
«Құрметті зейнеткерлер! Санаторлық-курорттық емдеуге арналған жеңілдіктер ережесі бекітілді. Енді сіздер Қазақстанның кез келген санаториясына бара аласыздар. Жолдаманың толық құнын төлеп, ол жерден түбіртек, төлем шоты, жеке куәліктің көшірмесін алып, банк немесе пошта арқылы шот ашып, барлық құжатты әлеуметтік қорғау бөліміне тапсыру қажет. Олар сізге...