1 тамызда Freedom Holding Corp. акциялары Nasdaq қор биржасында 4, 87%-ға қымбаттап, 185,815 долларға жетті. Бұл – холдинг тарихындағы жаңа белес. Қазақстандық кәсіпкер Тимур Турловқа тиесілі компанияның нарықтағы құны 11,3 млрд доллардан асты.
Америкалық Nasdaq биржасында Freedom Holding Corp. компаниясының акциялары күрт қымбаттады. Бір тәулікте ғана акция құны 4,87%-ға көтерілді. Биржадағы сауда барысында FRHC акциясының бағасы 186,23 долларға дейін өсті. Қазір 185,8 доллар тұрады.
Осылайша, холдинг америкалық биржада тағы бір тарихи межені еңсерді. Бұған дейінгі үздік көрсеткіш 2025 жылғы мамырда тіркелген. Сол кезде FRHC акциясы 184,8 долларға дейін көтерілген.
Nasdaq-тағы жетістіктің арқасында Freedom Holding Corp. компаниясының нарықтағы...