Сәрсенбі, 30 шілдеде Қазақстан қор биржасында (KASE) 1 доллардың ресми бағамы 546,36 теңге болды. Ұлттық банк (ҰБ) саудаға араласып, миллиардтаған қаражат жұмсаса да, төл валюта 4 теңгеге құнсызданды.
Естеріңізге сала кетейік, сәрсенбіде доллар бағамы 550 теңгеден асып жығылған. Екінші деңгейлі банктер мен ақша айырбастау мекемелері көк қағазды одан да қымбатқа сатты. KASE-нің өзінде таңертеңгі сауда барысында ресми бағам 550 теңгеге жетті.
Содан кейін ғана Ұлттық банк қор биржасындағы саудаға араласты. Бір тәуліктің ішінде KASE-де валюта саудасына шамамен 230 млрд теңге, яғни 420 млн доллар жұмсалды.
ҰБ интервенция жасауға мәжбүр болғанын мойындаса да, теңгенің құнын ұстап қалу үшін...