Toyota Camry седанының жаңартылған нұсқасы сатылымға шықты. Алайда бұл Қазақстанда емес, көрші Қытай елінде. Автокөлік тоғызыншы буындағы дизайнын сақтап, техникалық жағынан жаңартылды.
ITHome порталының мәліметінше, жаңа Camry төрт қозғалтқыш нұсқасымен ұсынылады: 2.0 литрлік атмосфералық, 2.0 литрлік гибрид, 2.5 литрлік гибрид және 2.0 литрлік Dual Engine Sports Lite. Модель Platinum White Pearl, Titanium Silver, Cyber Gray, Smoky Crystal Black, Dazzling Red және Opal Silver деп аталатын алты түрлі түспен қолжетімді болады.
Модельдер жиынтығы:
2.0 литрлік гибрид Premium/Sport/Sport Plus. Стандартты жабдыққа панорамалық шолу жүйесі (PVM), цифрлық кілт, 18 дюймдік дискілер және басқа да функциялар кіреді; 2.0 литрлік Hybrid Premium Edition модельінде...