Оқу-ағарту министрлігі Массачусетс технологиялық институтымен бірлесіп жалпы орта білім беру жүйесіне жаңа бағдарламасын енгізіп жатыр.
Министрліктің мәліметінше, ол Day of AI Qazaqstan деп аталады.
Бағдарлама әрбір оқушыға жасанды интеллекттің жұмыс істеу қағидаттары, қалыптастыруға бағытталған. Сонымен қатар, мүмкіндіктері, тәуекелдері және жауапкершілік туралы түсінік пайда болады.
Бастысы, жасанды интеллект құралдарын пайдалана отырып, математика, физика, химия, биология, жаратылыстану және информатика сияқты негізгі пәндерді оқытудың жаңа форматтарын қалыптастырады.
«Бұл оқытудың практикалық бағытын күшейтуге, визуализация мүмкіндіктерін кеңейтуге, есептерді шешу мен жобалық жұмыстардың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бастама ұлттық құндылықтар мен жасанды интеллект технологияларын ұштастыру негізінде әзірленуде», – делінген ақпаратта.