Алматыда «Мир 24» телеарнасының операторы Алексей Рубежанский әріптесімен бірге редакция маңынан бірнеше жылан көргенін хабарлады.
Ол Көк-төбе мұнарасының маңындағы редакцияның күнгей жағына қарай шылым шегуге шыққан кезде күнге қыздырынып жатқан бірнеше бауырымен жорғалаушыны байқаған.
«Олар шамамен 4-5-еу болды», – деген ол жыландар сурет-видеоға түсіріп бастаған кезде бұта арасына қарай кіріп кеткенін жеткізді. «Жыландарға тиіспедік, арнайы мамандар шақырмадық, неміз бар, жайына қоя бердік», – дейді Алексей.
Телеарна қызметкерінің сөзінше, жыландар өздеріне қауіп төндірмеген.
Биыл бауырымен жорғалаушылар адам аяғы көп жүретін жерде жиі кездесіп жүр. Жуырда Бесағашта бір үйдің ауласынан бес жылан табылған. Оның алдында...