Биыл қазақ мұнайының экспортты қысқарды. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегі бойынша, Азия мен Америка нарықтарының жабылуы еліміздің экспорттық географиясын тарылтып, Еуропаға тәуелділікті күшейтті.
2025 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстанның мұнай экспорты 21,3 млн тоннаны құрады. Биылғы көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 12%-ға азайып отыр. Экспорт көлемінің төмендеуімен қатар, одан түскен табыс та 19%-ға қысқарып, 11,9 млрд долларды ғана құрады.
Кейбір елдер қазақ мұнайынан бас тартты
Биыл Қазақстаннан мүлде мұнай сатып алмаған елдердің тізімі айтарлықтай ұзарып отыр. Олардың қатарында Оңтүстік Корея, Үндістан, Ұлыбритания, Бруней, Хорватия, Израиль және Польша бар. Бұл елдер 2024 жылдың алғашқы төрт айында Қазақстаннан шамамен 2 млн тонна...