Астанада халық саны 101,9 мың адамға көбейіп, өсім 6,6%-ды құрады. Бұл – еліміздегі барлық қала арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының деректерінде көрсетілген.
2025 жылдың басында Астана тұрғындарының саны 1 528 703 болса, 1 желтоқсанға қарай 1 630 640 адамды құрады.
Өткен жылдың 11 айында Алматы қаласының халқы 52,9 мың адамға артқан (+2,31%). Шымкентте тұрғындар саны 34,8 мың адамға көбейген (+2,77%). Сондай-ақ Алматы облысының халқы 32,5 мың адамға (+2,08%) ұлғайды.
Бірқатар өңірлерде халықтың азаюы және табиғи кему байқалады. Антирейтингтің басында тұрған аймақтар:
Солтүстік Қазақстан облысы: -7,4 мың адам; Абай облысы: -6,8 мың адам; Жамбыл...