Қорғаныс министрлігі әлеуметтік желілерде «әскерден қалдыру» немесе «ақ билет» алып беру бойынша қызмет көрсету жарнамасы таратылып жатқанын ескертеді.
Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру немесе одан босату туралы шешімді тек шақыру комиссиясы тарапынан қабылданатын түсіндірді.
Әскерге шақыру мәселелері бойынша заңгерлік кеңес беру – заңды қызмет. Алайда медициналық құжаттарды қолдан жасау, жалған диагноздарды рәсімдеу және әскери қызметтен жалтарудың өзге де заңсыз тәсілдері делдалдар үшін де, шақырылушылардың өздері үшін де қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
«Ведомство азаматтарды күмәнді схемаларға қатыспауға және жергілікті әскери басқару органдары (әскери комиссариаттар) немесе медициналық комиссиялар арқылы «мәселені шешіп...