Қазақстанда соңғы жиырма жылдағы ең төмен неке деңгейі тіркелді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша некелесу коэффициенті мың адамға шаққанда 5,62-ге дейін төмендеген. Бұл көрсеткіш дағдарыс кезеңі болған 1999 жылдағы 5,8 деңгейінен де төмен.
Өткен жылы елде барлығы шамамен 114,5 мың неке тіркелген. Бұл – соңғы 22 жылдағы ең төмен көрсеткіш.
Неке санының азаю себебі
Сарапшылардың айтуынша, мәселе тек жастардың көзқарасында емес. Негізгі себеп – демография.
«Қазір отбасын құру жасына 1990-жылдардың соңында дүниеге келген саны аз буын келіп отыр. Яғни әлеуетті күйеу жігіттер мен қалыңдықтар саны азайды. Сонымен қатар некеге деген көзқарас та өзгеруде. Қазақстандықтар...