Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микроқаржылық ұйымдардың табысы жайлы 2025 жылдың есебін жариялады.
Агенттіктің мәліметінше, 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ломбардтардың тұтынушылық микрокредиттері көлемінің өсуі есебінен 2025 жылғы 4-тоқсанда 2,2 пайыз ұлғайып, 3,5 трлн теңге болған. 2025 жылы бұл көрсеткіш 17,2 пайызға өскен.
Бизнес субъектілеріне берілген микрокредиттер 2025 жылғы 4-тоқсанда 1,8 трлн теңгеге дейін азайған.
«Халыққа берілген қарыздардың көлемі негізінен ломбардтар берген тұтынушылық микрокредиттердің 12,2%-ға ұлғаюы есебінен 2025 жылғы 4-тоқсанда 6,4% ұлғайып, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1,3 трлн теңгені құрады (2025 жылы 19,4%-ға өсті)», – делінген есепте.
Микроқаржы ұйымдарынан...