Республика күніне орай, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Марапатқа ие болғандар қатарында ғылым, білім, мәдениет, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік және спорт саласының өкілдері бар. Олар ел игілігіне сіңірген еңбектері үшін «Парасат», «Құрмет», «Барыс», «Еңбек Даңқы» ордендерімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағы
«Қазақстанның Еңбек Ері» атағымен Президент жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті А.Жұмаділдаевқа, елдің әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы аса үздік жетістіктері үшін Алматы қаласы №4 арнайы мектеп-интернатының мұғалімі Г.Нұрпейісоваға, Орал қаласы А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының мұғалімі Э.Траисоваға және өндірістік қызметтегі ерекше еңбегі үшін Қарағанды облысы «Шахтерское...