13 қазан күні Алматыда Ұлттар лигасы аясында өтетін Қазақстан – Словения матчына билеттер сатылымға шықты, бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.
Тикетон мәліметінше ең арзат билеттің құны 3.000 теңгеден басталса, ең қымбат билет 12.000 теңге тұрады. Сондай-ақ, стадиондағы орындарға байланысты билет құны 5000-8000 теңге аралығында құбылады.
Тағы бір ерекшелік, бұл жолы Қазақстан футбол федерациясы Freedom Ticketon операторымен бірлесіп билеттерді «атаулы» жасап отыр. Яғни, сайттан билетті сатып алған кезде аты-жөніңізді енгізесіз. Сондай-ақ, матчқа кірерде жеке куәлікпен билетіңізді растауыңыз керек.
«Әрбір билетте матчқа келушінің толық аты-жөні көрсетілуі керек екенін ескеріңіз. Стадионға кіру кезінде жеке басын растайтын құжатты көрсету...