Шетелдік инвесторларды Қазақстан мен Өзбекстандағы жылжымайтын мүлік нарығының қандай сегменттері қызықтырады? Бұл сала рентабельділігі қандай, инвесторлар қандай көлемде табыс алады? Осы сұрақтардың бәріне «Курсив» жауап іздеп көрді.
Халықаралық инвестор Ладислас Морис Қазақстанда тұрғын үйлерге инвестиция құйғанды жөн санайды.
«Егер сізде бірнеше миллионнан астам АҚШ доллары болса, оған құрылыс компанияларымен келісіп, 10 шағын пәтерден тұратын тұтас бір қабатты сатып алған дұрыс. Бұл Батыстан басқа елдерде инвестицияны әртараптандырудың бір тәсілі. Мен жылжымайтын мүлікке инвестиция салатын болсам, Парижде 20 шаршы метрлік студияны сатып алғаннан гөрі, Қазақстаннан бір бөлмелі 10 пәтерді сатып алғанды жөн көрер едім. Ал егер...