KazService президиумы төрағасы Рашид Жақсылықов Кursiv-ке үкімет басшыларының мұнай саласын дамытуға көзқарасы, Қашаған жобасының «әділетсіз» шарттары, жаңа жобалар бойынша инвесторға қойылатын талаптар, инвестициялық климат, мұнай өндірісі және кеніштердің тозығы жетуі жөнінде пікір білдірді. Ол Қазақстан мен инвесторлар арасында жасалған келісімшарттар әділетсіз деген пікірмен мүлде келіспейді. Өйткені мұнай-газ өндірісі қазір мемлекет бюджетінің 45%-ын, ал Ұлттық қордың 75%-ын толтырып тұр.
Оның айтуынша, мұнай саласын дамытуда олқылықтар бар. Премьер-министрлер жиі ауысқанымен, жаңа келген үкімет басшысының ешқайсысында мұнай өндірісіне қатысты нақты бағдарламасы болмаған.
«Қазір үкімет басшыларының неге келіп, неге кетіп жатқанын ұқпай жатырмыз. Айталық, «Қаламқас-Хазар» жобасын іске асырып жатқан азаматтар...