Азаматтық некедегі жарын өлтірді деп айыпталған, бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа түрмеде жұмыс табылмаған. Бұл туралы ақпаратты Қылмыстық атқару жүйесі растады.
ҚАЖ ақпаратына сүйенсек, түрмеде бос жұмыс орны болмағандықтан, экс-министр жұмыс істеуге мүмкіндік ала алмаған.
«Бос жұмыс орындарының болмауына байланысты Қуандық Бишімбаев жұмысқа орналаспады. Сотталған адамның күн тәртібі ҚАЖ мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерінің және қолданыстағы Қылмыстық-атқару заңнамасының талаптарына сәйкес сақталады», – делінген ведомствоның CMN басылымына берген жауабында.
Мамыр айында Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановқа қатысты сот үкімі шықты. Экс-министр Бишімбаев Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы («қинау») бойынша кінәлі деп танылды. Бұл бап бойынша...