Қазақстанға заңсыз кіргізілген барлық телефон бұғатталмайды. Бұл жайлы «Курсивке» Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі хабарлады.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстанға заңсыз әкелінетін телефондарды бұғаттау жөнінде құжат әзірлеген болатын. Онда IMEI-кодтары қайталанатын құрылғыларды бұғаттау көзделген.
Құжатқа сәйкес мынадай құрылғылар бұғатталады:
сәйкестендіру коды дұрыс емес немесе өзгертілген; дайындаушы зауыт берген сәйкестендіру коды жоқ; бірнеше абоненттік ұялы байланыс құрылғысы пайдаланатын бірдей (қайталанатын) сәйкестендіру коды бар; сәйкестендіру коды Ұялы байланыстың жаһандық жүйесі қауымдастығының (GSMA) дерекқорының қара тізіміне енгізілген.Десе де министрлік мұндай құрылғы иелеріне жеңілдік енгізуді көздеп отыр. Яғни елге кірген барлық заңсыз құрылғы жаппай қара...