Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтің көшесіне төселген жол қазан айына жоспарланғаны туралы айтты.
«Ол ауылда қазан айында астфальт төселеді деген жоспар болған. Қазір жол жөндеу бойынша да мемлекеттік жұмыстар оңай емес. Сондықтан процесс басталған еді. Ұтып алған мердігерлер екінші мердігерлермен соттасып, асфальт төсеу мәселесі кешікті. Мерзім бойынша шілде айында асфальт төсеуіміз керек болатын. Сол себепті мердігерлер өз тарапынан жолды жөндеп берді. Сметовтің ауылында 6-8 жолды жөндеу жоспарда бар еді. Оған үлгермей жатыр», – деді Қарашөкеев.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасында Елдос Сметов дзюдодан чемпион атанған соң, оның үйіне баратын...