Air Astana 2023 жылға сыйақы ретінде басқарма мүшелеріне 404,7 млн теңге төледі. Тасымалдаушы 2024 жылдың ақпан айындағы листингтен кейін мұндай ақпаратты алғаш рет жария етті. Бұл туралы компания Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады.
Атқарушы орган мүшелерінің жалақысы мен сыйақысын қамтитын сыйақы көлемі өткен жылдағы таза пайданың 1,3%-ын (30,7 млрд теңге) құрады.
Air Astana басқарма мүшелері құрамында қазір сегіз адам бар. Бірақ олардың барлығы өткен жылы атқарушы органда болғаны белгісіз. Әуе компаниясының басшысы – Питер Фостер, қаржы директоры – Ибрахим Жанлыел, өндіріс директоры – Филиппос Сиаккас, қауіпсіздік стандарттары жөніндегі директоры – Герхард Коетци, адам ресурстары жөніндегі директоры – Евгения...