2025 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттер көлемі 5,25 трлн теңгеге дейін ұлғаюы мүмкін. Бұл туралы «Ашық НҚА» порталында жарияланған «2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында жазылған.
Республикалық бюджет кірістері – 21,4 трлн теңге, оның 15,2 трлн теңгесі салықтық түсімдер, 435 млрд теңгесі салықтық емес түсімдер, 5,8 трлн теңге трансферттік түсімдер (оның ішінде 504,2 млрд теңге өңірлерден бюджеттік түсімдер).
«2025 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепiлдендірiлген трансферт мөлшерi 2 трлн теңге сомасында көзделсiн», – деп жазылған құжатта.
Ал ҚР Президенті айқындаған мақсаттарға Ұлттық қордан нысаналы трансферт түрінде...