Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Швейцария вице-президенті Ги Пармеланмен келіссөздер жүргізді. Президент бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін беретін маңызды мүмкіндік екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан Швейцарияны Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық серіктес ретінде қарастырады. Сондай-ақ, бұл мемлекет Қазақстан экономикасына ең ірі инвесторлардың бірі саналады: 2005 жылдан бері Швейцариядан 35,8 млрд доллар инвестиция тартылған. Бүгінде Қазақстанда 400-ге жуық швейцариялық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.
Президент екі ел арасындағы экономикалық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын ерекше атап өтті. Қазақстан мен Швейцария энергетика, тау-кен өндірісі, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, қаржы және...