Шілде айында Қазақстанның бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры «Отбасы банкінің» облигацияларына 50,5 миллиард теңге инвестициялады. Бұл 2017 жылдан бергі бірінші операция болды. Бұл жайында DATA HUB жазды.
Сонымен қатар өткен айда 39,1 млрд теңгеге Halyk Bank-тің облигациялары сатып алынды.
Сәуір айында Ұлттық банк 500 млрд теңге зейнетақы активін екінші деңгейлі банк облигацияларына инвестициялауды жоспарлап отырғанын хабарлады. Бұл қаржы бизнеске несие беру үшін жұмсалады. Одан бөлек 1,5 трлн теңгеге «Самұрық-Қазына» қоры мен «Бәйтерек» холдингінің облигациялары сатып алынатыны айтылды.
Зейнетақы қорынан алынатын 500 млрд теңгені жұмсау бойынша шектеу енгізілген. Бұл қаржыдан сауда-саттық, тұрғын үй және коммерциялық мүлік сату мен...