Ата-аналар балаларды басқа мектепке ауыстыруды eGov.kz порталы арқылы онлайн жүзеге асыра алады. Бұл жайлы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
«Енді ата-аналар мен заңды өкілдер портал арқылы баланы бір мектептен екінші мектепке eGov.kz порталында онлайн ауыстыра алады. Жалпы білім беретін ұйымды іздеу және таңдау процесі ата-ананың тіркеу орны негізінде шағын учаске бойынша оңтайландырылған», – делінген баспасөз хабарламасында.
Ата-аналар мен баланың заңды өкілдері енді мектепті тұрғылықты жері бойынша тек шағын учаскеден ғана емес, сонымен бірге өз қалауына қарай басқа жерден таңдай алады.
Сонымен қатар жалпы білім беретін ұйымды таңдаған кезде пайдаланушыға таңдалған мектепте...