Жазықсыз қаза болған Салтанат Нүкеноваға қатысты теріс ақпарат таратқан А. Бударовты Алматы қалалық соты кінәлі деп таныды. Бірінші инстанция да Салтанаттың ағасы А. Амангелдінің талап арызы бойынша А. Бударовтың таратқан мәліметтері шындыққа сәйкес келмейді, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлайды деген шешім шығарған.
Азаматтық іс алқалық тәртіпте қайта қаралды. А. Бударов Instagram-дағы «budarov_anton» интернет парақшасы оған тиесілі екенін жоққа шығарды. Дегенмен іс материалдары айыпталушының нақты дәлелі жоқ екенін көрсетті.
Апелляциялық шағым берген Бударов сот отырысы туралы бейхабар болғанын айтқан. Шын мәнінде, аудандық сот оған төрт мәрте хабарлама жолдаған.
Іс материалдарын сараптаған тіл маманы «Instagram» әлеуметтік желісінде «budarov_anton» қолданушының трагедиялық жағдайға тап...