Кейбір энергия өндіруші компаниялардың тарифі 40%-ға дейін қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы Энергетика министрлігінің «Ашық НҚА» порталында орналастырылған бұйрығында жазылған.
«Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» қаулыға сәйкес, 2024 және 2025 жылдары электр энергиясының шекті тарифінің көтерілуі Қазақстандағы 60 энергия өндіруші компанияның 8-іне әсер етуі мүмкін.
«Түзету энергия өндіруші ұйымдарға тәуелді емес электр энергиясын өндіруге кететін негізгі шығындардың ұлғаюына байланысты, атап айтқанда, отын, жалақы және жанармай (оның ішінде газға және оны жеткізуге 2024 жылғы 1 шілдеден бастап баға өсуі) шығындарына байланысты», – делінген қаулыда.
Құжатқа сәйкес, Ақтөбедегі «Қазхром» Трансұлттық компаниясының тарифі 40,5%-ға көтерілуі мүмкін. Тариф...