Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстың бірқатар елдеріне сапарға шығудан бас тартуды ұсынды.
Қазіргі уақытта Таяу Шығыстағы жағдай ушығып тұр. Соған байланысты министрлік Қазақстан азаматтарына аталған өңірдегі ахуал тұрақтанғанша, Израиль мен Ливанға уақытша бармау әлдеқайда дұрыс шешім болатынын хабарлады.
«Қазіргі уақытта аталған елдерде жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса үйлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі және Израиль мен Ливандағы елшіліктерімен байланыста болуды сұраймыз», – деп жазды ведомство
Қосымша ақпарат алу немесе төтенше жағдайлар туындаған жағдайда аталған елдерде жүрген ҚР азаматтары мен...