Димаш Құдайбергеннің 13 қыркүйек күні Астанада өтетін концертіне билеттердің барлығы сатылып кеткеніне байланысты, әлемге әйгілі әнші келесі күні тағы концерт беретінін өз Instamgram парақшасында хабарлады.
«Құрметті достар! TICKETON.KZ ресми билет операторының сайтында Астанадағы STRANGER жеке концертімнің екінші күніне билеттер сатылымы ашық екені туралы қуанышты хабармен бөлісемін! Концерт 14 қыркүйек күні сағат 20:00-де «Astana Arena» стадионында өтеді», – делінген жазбада.
Айта кетейік, билеттер құны өзгерген жоқ, таңдалған орындарға байланысты билет кұны 10 мың теңгеден 40 мың теңгеге дейін бағаланып отыр. Ал сахна алдында құрылатын фан-аймағына билеттер 15 мың теңгеден сатылып отыр. Концерт өтетін Астана Арена...