Биылғы бірінші жартыжылдықта Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан 1 миллионнан астам қазақстандық әлеуметтік төлем алды. Ел азаматтарына жәрдемақының бес түрі бойынша 453 млрд теңге төленген. Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Министрліктің хабарлауынша, еңбек қабілеттілігінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Ол мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады. 30%-дан 100%-ға дейін еңбек қабілеттілігінен айырылған кезде төлем Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры есебінен жүзеге асады. Аталған төлемді алуға медициналық-әлеуметтік сараптама нәтижесі және еңбек қызметін жалғастыруы кедергі емес.
«2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бұл төлемді 23,1 млрд теңге сомасына 94,8 мыңнан...