Қазақ дзюдошысы Ғұсман Қырғызбаев 66 келі салмақ дәржесінде қола жүлде иеленді. Ол татамиде серб Страхиня Бунчичті жықты.
«Бұл қазақ дзюдосы тарихындағы триумф! Парижде алғаш рет олимпия ойындарында біздің команда 1 алтын, 1 қола жүлдеге қол жеткізді. Кеше Елдос Сметов дзюдодан Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш қазаққа айналды», – деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасында қола жүлдегер атанған Қырғызбаевты құттықтады.
«Еліміздегі барша Олимпиадалық команданың атынан Сізді Олимпиада ойындарының қола медалімен құттықтаймын! Кеше басталған жүлделер сериясын жалғастыру арқылы Сіз тек қана дзюдо...