Елімізде ЖОО-ның ақылы бөліміне түскісі келетіндерге енді пайызсыз несие берілуі мүмкін. Ол жыл соңында іске қосылады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.
Министр білімге қолжетімділікті кеңейту үшін төрт құрал енгізіліп жатқанын жеткізді. Оның алғашқы екеуі – «Балаларға арналған ұлттық қор» және «Келешек» бағдарламасы.
«Биыл ақпан айынан бастап әр балаға арнайы шот ашылып, жинақ жасалып жатыр. Бұл құралды жоғары білім алу мақсатына қолдана бастаған алғашқы адамдар бар. Екіншісі – жыл соңына қарай «Келешек» жинақтаушы білім беру жүйесі іске қосылады. Бұл ерікті жүйе және отбасы өз еркімен баласының оқу ақысын алдын ала жинау туралы...