«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы өз акционеріне 2023 жыл үшін 36,4 млрд теңге дивиденд төлейді. Бұл компанияға Mangistau Investments B.V. еншілес кәсіпорны арқылы Қытай ұлттық мұнай компаниясы `(CNPC) мен «ҚазМұнайГаз» ҰК теңдей иелік етеді.
Қазақстан қор биржасында жарияланған хабарламада 1 қарапайым және артықшылығы бар акцияға 334 теңге дивиденд төленетіні жазылған. Артықшылығы бар акциялар үшін 363,8 млн теңге төленеді. Ал қарапайым акциялар бойынша 36 млрд теңге бөлінбек. Қаржы акционерлеріне 23-24 шілде күндері аударылады. Былтыр компания 85,4 млрд теңге таза пайда тапқан.
Мамыр айында «Маңғыстаумұнайгаз» көбірек мұнай өндіру үшін жүздеген ұңғыма бұрғылайтыны белгілі болған. Нақтырақ айтқанда, 2024 жылғы «Қаламқас кен орнын...