2026 жылғы 30 қаңтарда АҚШ Әділет министрлігі атышулы Джеффри Эпштейннің зорлық-зомбылық қылмыстарын зерттеуге қатысы бар 3 млн құжатты жариялады. Құпия файлдарда Қазақстан элитасындағы адамдардың аты-жөні аталады. Олардың арасында Мәсімов, Шөкеев, Қазыханов және басқа да шенеуніктер мен топ-менеджерлер бар.
Мәсімовті танисың ба?
Америкалық қаржыгер Джеффри Эпштейн әлемнің көптеген елін қамтитын элита қауымдастығын құрып, кем дегенде 1 мың кәмелет жасқа толмаған қыз бен әйелдерді жезөкшелікпен айналысуға итермелеген. Олардың көбі ықпалды адамдардың зорлық-зомбылығына ұшыраған.
АҚШ үкіметі жариялаған миллиондаған құжаттарда кәсіпкердің Қазақстан элитасына да көз тігіп, олармен байланыс орнатып үлгергенін айғақтайтын файлдар бар. Хаттардың бірін Эпштейнге бұрынғы қазақ премьер-министрінің «көршісі» жазған.