Қытай генеративті ЖИ-ді қолданудан табысқа жете бастады. Reuters осыған байланысты зерттеу материалын ұсынды.
Америкалық SAS пен Coleman Parkes Research компаниялары жүргізген сауалнамада қытайлық респонденттердің 83%-ы генеративті ЖИ-ге жиі жүгінетіндерін көрсетті.
2022 жылы Microsoft компаниясы қолдауымен OpenAI іске қосылғаннан кейін оншақты қытайлық компания өз өнімдерін ұсына бастады.
БҰҰ-ның Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының есебінде Қытай GenAI патент жарысында көш бастап тұр. 2014 және 2023 жылдар аралығында 38 000-нан астам өтінім берген, сол кезеңде АҚШ 6 276 өтінім берген.
Халықаралық генеративті ЖИ жеткізушілеріне Қытайдың ішкі индустриясы төтеп бере бастады. ByteDance сынды технологиялық гигант пен Zhipu сынды стартап компаниялар өз қызметін...