Беларусь Президенті Александр Лукашенко ШЫҰ елдерін долларға тәуелділікті азайтуға шақырды. Беларусь тарапы ұлттық валютадағы екіжақты төлемдер механизмін және ШЫҰ-ның ұжымдық қаржы институтын құру мәселесін қарастырып жатқанын жеткізді. Ал Ресей басшысы Владимир Путин Украинадағы соғысқа қатысты тағы мәлімдеме жасады. Ол екі ел арасындағы қақтығысты шешу үшін келіссөзден Украина тарапы бас тартып отырғанын айтады.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер доллардан бас тарта ма?
Беларусь Президенті Лукашенко ШЫҰ құрамында әлемдік алыптар – Қытай мен Ресей бар екенін айтып, «Шанхай ондығын» доллардан бас тартуға шақырды.
«ШЫҰ-ның барлық жан-жақты күн тәртібі бойынша практикалық өзара іс-қимылды күшейту керек. Мен қаржыдан бастауды ұсынамын. Беларусь...