Банк секторы мен ойын бизнесі үшін корпоративті табыс салығы мөлшерлемесі 25% деңгейінде белгіленбек
Қазақстанда салаға байланысты корпоративті табыс салығының мөлшерлемесі әртүрлі болады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин мәлім етті.
«Мемлекет басшысы экономиканың әртүрлі салаларында сараланған салық мөлшерлемесіне көшу қажет екенін атап өтті. Зерттеу нәтижелері бойынша корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін 20% деңгейінде қалады», – деді Амрин жаңа салық кодексіне арналған брифинг барысында.
Бұл тұста ол қандай салалар үшін алымды саралау жоспарланғанын атап өтті. Мәселен, банк секторы мен ойын бизнесі үшін 25% деңгейіндегі жоғары мөлшерлеме белгіленбек. Бұл ретте, вице-министр атап өткендей, егер банктер экономиканың нақты секторына несие беретін болса, онда мұндай кіріске...