«Қазақстанның даму банкі» АҚ жалпы ұзындығы 5 мың шақырымнан асатын республикалық маңызы бар автожолдарды қалпына келтіру жөніндегі инвестициялық жобаны қаржыландырады. Бұл Үкіметтің экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі жоспарын іске асыру мақсатында қолға алынбақ.
Жолдарды жөндеуге 450 млрд теңге мөлшеріндегі ұзақмерзімді несие берілмек. Қаржы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға тиісті келісім шеңберінде бөлінеді. Бұл шараларды 2024-2027 жылдар аралығында іске асыру жоспарланып отыр.
«Инвестициялық жоба Қазақстанның барлық аумағында іске асырылады. Облыс орталықтарын Абай, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Ұлытау облыстарының елдімекендерімен байланыстыратын жолдарды да, республикалы...