Түркияның арнаулы органдары Мәскеу қаласындағы «Крокус» сарайына жоспарланған екінші террорлық актінің алдын алуға жәрдемдескен.
«Hurriyet» басылымының жазуынша, ИШИМ (ИГИЛ) терростиік ұйымының ұяшығы Мәскеудегі «Крокус» концерт залына тағы бір рет шабуыл ұйымдастыруды жоспарлаған. Олар сарайға халықтың лық толуын күткен. ИШИМ-нің «Уәлаят Хорасан» бөлімі – өте қауіпті ұйым. Террористер Иран, Түркия, Ресей қалаларында қауіпті шабуылдар ұйымдастырды.
Түркия «жансызы» «Крокус» сарайына ИШИМ-ның содырлары шабуылдайтынын ресейлік әріптестеріне ескертіп үлгерген.
22 наурыз күні «Крокус Сити» сарайында «Пикник» тобы өнер көрсетті. 6 мың адамға арналған коцерт залына билеттер түгелімен сатылған. Көрермендер жиналған соң, камуфляж киген белгісіз біреулер оқ жаудырып, артынша жарылғыш зат лақтырды.
Шабуыл салдарынан...