KEGOC компаниясы 2025 жылы 70,8 млрд теңге таза пайда тапқан. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 19%-ға жоғары.
Сонымен қатар елімізде электр энергиясын тұтыну көлемі 3,8%-ға артып, 124,6 млрд кВт/сағатты құраған. Ал өндіріс деңгейі 4,4%-ға өсіп, 123,1 млрд кВт/сағатқа жетті, ал ең жоғары жүктеме 18 желтоқсанда 17 724 МВт деңгейінде тіркелді.
Өндірістік көрсеткіштердің өсуімен қатар, компания цифрландыру деңгейін 52%-ға жеткізіп, жасанды интеллектіні енгізу бойынша Жол картасын бекітті. Ендігі кезекте бұл көрсеткішті 2032 жылға қарай 90%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр.
ESG рейтингі 62 балға дейін көтерілген ұлттық оператор 2026 жылы Ұлттық электр торабын дамытуды, инвестициялық жобаларды іске асыруды және кезект...