2024 жылғы мамырда сәуір айымен салыстырғанда азық-түлік бағасы 0,2%-ға арзандады. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2020 жылдың тамызынан бері алғаш рет баға төмендеді.
«Бұл динамика ішінара маусымдық сипатқа ие. Осылайша қияр – 29%, қырыққабат – 19,1%, қызанақ – 15,4%, тәтті бұрыш – 5,8%, сарымсақ 5,3% арзандады. Бұл ретте жұмыртқа – 9,8%, қарақұмық жармасы – 3,3%, күнбағыс майы – 2,1%, арпа жармасы – 1,1% арзандады», – деп хабарлады Бірінші кредиттік бюро.
Ал пияз бағасы – 28,3%, картоп – 18%, қызылша – 15,5%, сәбіз – 7% қымбаттады. Айтпақшы, өндіру көлемі азайып бара жатқан қант бағасыны...