Кеңес Одағында болған қуғын-сүргінді әдетте Иосиф Сталиннің есімімен ғана байланысты дейді, алайда мұндай пайым ақиқатқа қайшы. Елде орнаған билік режимі о бастан репрессияға арқа сүйеген. Қазақстандағы 60 жылға созылған қуғын сүргін жайлы профессор Зәуреш Сақтағанованың материалын ұсынамыз.
Профессор бұл мақаласында халық бастан кешкен қуғын-сүргіннің мәні мен механизмдерін айқындап, Қазақстан тарихының түрлі кезеңдерінде жүрген қудалау науқандарының ауқымын бағалауға тырысқан.
Репрессиялардың түп-тамыры
Кеңес мемлекетінде тоталитарлық жүйенің орнығу үрдісі мен жүйелі, жоспарлы әрі жаппай сипаттағы саяси репрессиялар қатар жүрді; олар бұрын-соңды болмаған ауқымда өрбіп, халықтың барлық топтарын қамтыған. Алайда қуғын-сүргінді тек Сталин саясатының ажырамас бөлігі деп түсіну ағаттық болар...