ҚТЖ Әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары сотталды. Бұл жайлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС бас директоры Б.Нахановқа, оның орынбасары А.Мұқатаеваға және менеджер Р.Сидиковқа қатысты үкім шығарды»,- делінген хабарламада.
Агенттік хабарлауынша, олар бейнебақылау жабдықтарын сатып алуға бөлінген қаражттан 159,4 млн теңге қаражатты жымқырған. Cот оларды кінәлі деп таныған.
Сондай-ақ, Наханов әскерилендірілген теміржол күзетінің жүргізушісі ретінде адамды жұмысқа орналастыру кезінде де лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланған.
Нәтижесінде сот Нахановқа 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған. Ал оның сыбайластары Мұқатаева мен Сидиковқа