Мәжіліс «Жылу энергетикасы» туралы заңды екінші оқылымда мақұлдады. Оған сәйкес, жылу энергетикасын өндіруші компаниялар тарифтен түскен қаражаттан жылу нысандарына инвестиция құймаса, айыппұл төлейді. Бұл жайлы заң жобасын таныстырған депутат Еділ Жаңбыршин айтты.
«Жылу энергиясын өндіретін, тасымалдайтын компаниялар өздерінің тарифтерінде инвестициялық бағдарлама қабылдаған. Яғни халық тұтынуынан түскен ақшаның бір бөлігін олар өздерінің жөндеу жұмыстарына, модернизациялауға жұмсауы керек. Егер олар бағдарламада белгіленген нормаларды орындамаса оларға айыппұл салынады. ЖЭО қазандықтарында болып жатқан апаттарды болдырмау үшін осындай нормалар қарастырылған. Егер ақшаны өз кірісіне жұмсаса, айыппұл төлейді. Әрине кәсіпкерлікті қолдауымыз қажет, бірақ бизнесте өз жауапкершілігін тиісті деңгейде орындауға...