21 мамырда сағат 10:00 Алматы қаласында жалпы қалалық сейсмикалық жаттығу өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі хабарлады.
«Құлақтандыру қондырғылары іске қосылған кезде білім беру мекемелерінде, адамдар көп жиналатын орындарда азаматтарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін пысықтай отырып, субъектілік сейсмикалық жаттығулар жүргізіледі», – делінген әкімдік хабарламасында.
Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын сабыр сақтауға шақырып, бірнеше ескерту жариялады:
Жер сілкінісінен кейін отбасыңыздың жиналу орнын алдын ала анықтаңыз; Жер асты дүмпуі кезінде әрекет ету үшін үйіңіздегі ең қауіпсіз жерлерді алдын-ала анықтау қажет. Мұндай орындарға мыналар жатады: күрделі ішкі қабырғалардың саңылаулары, ішк...