Таиландта өткен 74-ші халықаралық Miss Universe 2025 байқауы өз мәресіне жетті. Биылғы жылы әлемнің түкпір-түкпірінен келген сұлулар арасынан Мексика өкілі Фатима Бош озып шығып, жаңа Ғалам аруы атағын жеңіп алды.
Финалдық тізімде орын алғандар:
• 1st Runner-Up (вице-ару) – Правенар Сингх (Таиланд)
• 2nd Runner-Up – Стефани Абасали (Венесуэла)
• 3rd Runner-Up – Аниса Манало (Филиппин)
• 4th Runner-Up – Оливия Яс (Кот-д’Ивуар)
Ал алдын ала жарияланған нәтижелер бойынша, биылғы ТОП 30 құрамына Үндістан, Қытай, Таиланд, АҚШ, Франция, Жапония, Куба, Нидерланд, Доминикан Республикасы сынды мемлекеттердің өкілдері кірді.
Қазақстандық қатысушының өнер көрсетуі
Қазақстан намысын биыл 21 жастағы Қостанай қаласының тумасы Дана Алмасова...