Лондонның «Челси» мен «Тоттенхэм» клубтары Австралияда өтіп жатқан «Sydney Super Cup» маусымалды турнирі аясында жолдастық кездесу өткізеді. Лондондық дерби 1 тамыз күні Сиднейдегі «Аккор» стадионында өтеді. Ойын жергілікті уақытпен сағат 19:45-те, ал Қазақстан уақытымен сағат 14:45-те басталады. Бұл тартысты бәсекеде Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтбаев алаңға шығуы мүмкін.…