2023 жыл басталғалы базалық пайыздық мөлшерлеме өзгерген жоқ. Қаңтарда Ұлттық банк базалық ставканы 16,75 пайыз деңгейінде сақтап қалды. Былтыр жыл бойы бұл инструментті ҰБ-ның дүркін-дүркін көтергенін және сол арқылы инфляцияны ауыздықтауға тырысып жатырмыз деп уәж айтқанын білеміз. Сарапшылардың бір тобы мұны дұрыс десе, енді бір тобы ҰБ-ның қатаң ақша-несие саясатымен…