
Елімізде тұрғын үйге деген сұраныс өте жоғары. 2022 жылдың қорытындысы бойынша бір адамның баспанамен қамтылу көрсеткіші 23,4 шаршы метрді құрады. БҰҰ-ның әлемдік стандарты бойынша бір адамға 30 шаршы метрден келуі тиіс. Көпшілік көктемнің шыққанын күтіп жүр. Көктеммен бірге бірқатар жаңалық жария болуы мүмкін. Әсіресе, қыр астынан ипотекалық бағдарламалардың құлағы қылтияды.…