Фото: www.shutterstock.com
Қаржы министрлігі Ұлттық қорда жинақталған қаражат көлемі, қорға түскен түсім мен алынған ақша жайлы есебін жариялады.
Есепті кезеңнің басындағы жағдайы бойынша, Ұлттық қорда 29,1 триллион теңгеден астам (29 176 508 444 000) қаражат болған. Ал 1 сәуірде 29,3 триллион теңгеге (29 391 788 468 000) жеткен. Осы уақыт аралығында қорға 1,1 триллион теңгеден астам кіріс түскен. Соның ішінде:
мұнай секторындағы ұйымдардан тікелей ұлттық қорға аударылатын салық- 1 трлн теңге мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан – 800 млн теңге республикалық меншікті жекешелендіруден – 218,9 млн теңге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан...